АртқаҚұқықтық ақпарат
«MINI» сервисінің жұмысының ережелері (жария оферта)
«MINI» сервисінің жұмысының ережелері (жария оферта)
1. Жалпы ережелер
1.1. Кез келген физикалық тұлғаға (ары қарай — Тапсырыс беруші) бағытталған бұл құжат «MINI» сервисінің (ары қарай — Сервис) ресми ұсынысы болып табылады және онда мәні осы офертаның 2.1 тармағында анықталған ақпараттық қызметті ұсынудың барлық шарттары көрсетілген.
1.2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 395 бабына сәйкес бұл құжат жария оферта болып табылады. Қызметтерге тапсырыс беру оның акцепті болып табылады, ол онда мазмұндалған шарттарда келісімшартқа қол қоюмен тең болып есептелінеді. Оферта Ғаламтор желісінде https://minitaxi24.com/ Сервистің сайттарында орналастырылған.
1.3. Осы жария офертаның шарттарын қабылдай отырып, Тапсырыс беруші https://minitaxi24.com/ мекен-жайы бойынша орналасқан құпия деректерді өңдеуге қатысты Сервистің Саясатына да келіседі.
1.4. Тапсырыс беруші осы офертаның мәтімен мұқият танысуы керек. Егер Тапсырыс берушінің кез-келген шарттарымен келіспейтін болса, Сервистің Сервистерінен бас тарту ұсынылады. Тапсырыс берушіде қызмет сипаттамаларына қатысты сұрақ туындаған жағдайда тапсырысты орналастырудың алдында Сервис маманына кеңес алуға жүгіну керек.
1.5. Осы офертаның шарттарын орындау мақсатында пайдаланылатын анықтамалар:
1.5.1. Қызметтер — тапсырыс Сервис арқылы жүзеге асырылатын Сервис Серіктестерімен көрсетілетін қызметтер.
1.5.2. Тапсырыс — жүйемен өңделген Қызметтерге тапсырыс.
1.5.3. Сервис серіктесі — Тапсырыс берушіге Қызметтерді өздігімен, өз күшімен көрсететін тұлға.
1.5.4. Жеке кабинет — көрсетілген қызмет көлемі жәнеТапсырыс берушінің жеке шотының ағымдық жағдайы туралы статистикалық ақпараттан тұратын Сервис сайтындағы парақ. Жеке кабинетті тіркеу үшін Тапсырыс берушінің кемінде абоненттік телефон нөмірі туралы деректер ұсыну қажет.
1.5.5. Дербес шот — Тапсырыс берушінің аванс төлемдері бекітілетін және қызметке төлемақы ретінде осы төлемдерден ұсталған (шешілген) қаражат сомасы. Дербес шот бірегей номерге ие және Сервипен қалыптастырылады.
1.5.6. Дербес шот теңгерімі — дербес шотқа салынған және дербес шоттан алынған ақша сомасының белгілі бір уақыттағы айырмашылығы.
1.5.7. Тапсырыс беруші — Сервис арқылы Қызметке тапсырысты жүзеге асыратын тұлға.
1.5.8. Алдын ала тапсырыс — Тапсырыс беруші көрсеткен уақытта көрсетілуі болжанатын кемінде 60 минут бұрын қабылданатын Қызметке тапсырыс беру.
1.5.9. Ағымдық тапсырыс — Қызметті «мүмкіндігінше жылдам» көрсетуді білдіретін тапсырыс.
1.5.10. Авторландырылған мобильді бағдарламалық (Мобильді бағдарламашық) — мобильді құрылғыға орнатылатын және Интернет желісі арқылы тапсырыстарды қалыптастыру үрдісін автоматтандыруға мүмкіндік беретін электронды есептеуіш машиналарға арналған бағдарлама.
2. Офертаның мәні
2.1. Сервис арқылы Тапсырыс беруші Қызмет көрсетуге Тапсырысты ақысыз орналастыра алады. Қызметтердің толық тізімі Сервис сайтында немесе Мобильді бағдарламашықта танысуға қолжетімді. Сервис тапсырыс берушіге өздігімен қандай да бір Қызметтерді көрсетпейді, осындай Қызметтерге қатысты қандай да бір құқықтарды және (немесе) міндеттерді қабылдамайды.
2.2. Осы офертаның шарттарының Тапсырыс берушімен акцепттері кез келген қолжетімді тәсілмен Қызметке тапсырыс беру мақсатында Сервиске жүгіну арқылы жүзеге асырылады.
2.3 Тапсырыс беруші Тапсырысты орналастыру кезінде ұсынылған ақпараттың мазмұны мен сенімділігі үшін жауапкершілік тартады.
2.4. Тапсырысты орналастырғаннан кейін Тапсырыс беруші туралы, сонымен бірге оған қажетті қызметтердің сипаты туралы мәліметтер оның келісімінсіз өзгертілмейді және редакцияланбайды.
2.5. Сервис Тапсырыс қабылдаған Серіктеске Тапсырысқа ақысыз қолжетімділік ұсынады, таңдалған Тапсырыс бойынша Қызмет көрсету уақытын көрсетіп Сервиске өзінің таңдауы туралы хабарлайды. Бұл кезде Сервис Серіктеске Тапсырысқа бірегей қолжетімділікті кепілдендіреді, Қызмет көрсетуге жауапкершілікті Серіктес артады.
2.6. Сервис Тапсырыс берушіге Қызметті Серіктестің дұрыс және қисынды көрсетуі үшін қажетті барлық маңызды ақпаратты көрсетіп көрсетілетін Қызметтің тәртібі мен сипаттамасы туралы хабарлайды.
2.7. Сервис қызмет көрсетуге Алдын ала тапсырыстарды қабылдай алады. Қызметті уақытында көрсетуге алдын ала жеткілікті уақытта Сервиспен Алдын ала тапсырыс туралы хабардар етілген Серіктес жауапты болып табылады. Бұл кезде Қызмет көрсету кепілдендірілмейді.
2.8. Сервис осы офертаның шартымен келіспеушілік танытқан Тапсырыс берушіге қызмет көрсетуге бас тарту себептерін түсіндірмей, бас тартуға құқылы.
2.9. Сервис қызметін ішкі бақылау мақсатында Тапсырыс беруші мен Сервистің арасындағы телефонмен сөйлесулер жазылады.
2.10. Көрсетілетін Қызметтердің сапасын жақсарту, сондай ақ Тапсырыс беруші мен Серіктестің арасындағы жедел өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету мақсатында Тапсырыс беруші Сервиске электронды кері байланыс немесе Сервистің орналасқан жері бойынша жазбаша түрде жүгіну арқылы қызмет көрсеткен кезде тапсырыс берушінің құқығын Серіктестің бұзу жағдайлары туралы хабарлай алады. Бұл жағдайда Сервис Серіктеске Тапсырыс берушіден келген шағым туралы ескертеді, Тапсырыс берушінің байланыс телефон номерін, сондай ақ шағымның мазмұны туралы хабарлайды. Шағымды ары қарай реттеу Сервистің қатысуынсыз Тапсырыс беруші мен Серіктестің арасында жүзеге асырылады. Осы тармақтың мазмұны Сервиспен табиғи немесе ақшалай түрде келтірілген зиянды өтеу, өтемақы төлеу және/немесе Сервиспен осы офертамен қарастырылмаған басқа міндеттерді қабылдауын куәландырмайды және бағалана алмайды.
2.11. Тапсырыс берушінің жеке мәліметтерін жинағанда және өңдегенде Сервис № 94-V ҚРЗ «Жеке деректер мен оларды қорғау туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы ҚР Заңының ережелеріне, сонымен бірге құпия ақпараттарды өңдеуге қатысты Сервистің Саясатына сүйенеді.
3. Сервистің міндеттері
3.1. Тапсырысты қабылдау, Серіктеске Тапсырысқа қолжетімділікті беру және Тапсырыс берушіні Тапсырыстың орындалу барысы туралы хабардар ету.
3.2. Тапсырыс берушіге Қызметтің мәжбүр бөгелу жағдайлары туралы хабардар ету.
3.3. Тапсырыс берушіге Қызметті көрсетудің мүмкін емес жағдайлары туралы хабардар ету.
3.4. Дербес шотқа Тапсырыс берушінің аванс төлемдерін уақытында түсіру.
3.5. Тапсырыс беруші ұсынған ақпаратқа Қызмет көрсетуге тікелей қатысы жоқ тұлғаларға рұқсат етілмеген қол жеткізу және/немесе беру талпыныстарын уақытында анықтау және алдын алу.
4. Тапсырыс берушінің міндеттері
4.1. Қызметке оны орындауды қамтамасыз ету үшін қажетті уақытты ескере отырып тапсырыс беру
4.2. Серіктеспен Тапсырысты дұрыс таңдау үшін қажетті маңызды шарттарды көрсету.
5. Тапсырыс беруші мен Серіктестің арасындағы есепті жүзеге асыру
5.1. Сервис Тапсырыс берушіге осы офертаның 2.1 тармағында анықталған қызметтерді ақысыз негізде ұсынады.
5.2. Қызметті көрсетуге есеп Тапсырыс беруші мен Серіктестің арасында тікелей жүзеге асырылады. Сервис Тапсырыс берушіге Қызмет көрсету бағасы туралы хабарлайды. Көрсетілген баға тапсырысты орындауға қабылдаған Серіктестің тарифтерінің негізінде есептелінеді. Серіктестердің бағасының қалыптасуы динамикалық болуы мүмкін және әр түрлі факторларға тәуелді болады (көше-жол торабының жағдайы, көліктің жүктелуі, тәулік уақыты, жыл мезгілі, қызметке сұраныс динамикасы, климаттық жағдайлар және т.с.с.), бұл әр түрлі уақытта біртекті Қызметтердің бағасындағы айырмашылыққа алып келуі мүмкін. Тапсырыс берушіге Қызметтің соңғы бағасы туралы хабарлау Қызметтің Сервиспен көрсетілетіндігін куәландырмайды және бағаланбайды.
5.3. Қызметті көрсетуге есеп түрі Тапсырыс берушімен Сервистің қатысуынсыз анықталады.
5.4. Сервис Тапсырыс берушіге көрсетілген қызмет үшін есеп түрі мен тәртібіне қатысты қандай да бір нұсқаулық бермейді.
5.5. Сервис Тапсырыс берушімен келесі түрлерде қызметке төлеу үшін техникалық мүмкіндікті қамтамасыз етеді:
5.5.1. Дербес шоттан ақшаны алу арқылы;
5.5.2. Банка картасын немесе қолма-қол ақшасыз төлемнің басқа тәсілдерін пайдаланып қолма-қол ақшасыз төлеммен (техникалық мүмкіндік болғанда).
5.6. Тапсырыс беруші мен Серіктестің арасында Жеке шоттан ақша алу арқылы есептескенде Сервис Серіктестің атынан және есебінен Тапсырыс берушіден ақшаны қабылдау бөлігіндегі агенті ретінде қолданылады. Сервис Серіктес агентінің міндеттерін Тапсырыс берушінің ақшасын қабылдауды қамтамасыз ету бөлігінде ғана алады. Тапсырыс берушімен Жеке шотка салынған ақша Сервис есебінен есептік шотқа түседі және электронды ақша болып табылмайды. Сервис Тапсырыс берушіге ақша жіберу (электронды ақша жіберу) бойынша қызмет көрсетпейді, Тапсырыс беруші Сервиске ақша жіберу туралы орындауға міндетті бұйрық беруге құқылы емес. Жеке шотқа салынған ақша Қызметті төлеу үшін ғана пайдаланылады.
5.7. Банк карталарын пайдаланып қолма-қол ақшасыз төлеммен төлеу Visa, MasterCard төлем жүйелерінің несиелік немесе дебеттік карталары арқылы жүзеге асырылады.
5.8. Банк карталарын пайдаланып қолма-қол ақшасыз төлеммен Серіктестердің қызметін төлеу мүмкіндігін алу үшін Жеке кабинетті тіркеу, сонымен бірге банк картасын Тапсырыс берушінің дербес шот номеріне тіркеу қажет.
5.9. Қолма-қол ақшасыз төлеммен төлеу төлем жасаудың құпиялығы мен қауіпсіздігін сақтау қағидаларында халықаралық төлем жүйелерінің ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Тапсырыс берушімен ұсынылатын деректердің қауіпсіздігі төлем карталары индустриясының деректерінің қауіпсіздік стандарттарының талаптарының шараларына сәйкестікпен қамтамасыз етіледі (Payment Card Industry Data Security Standard) және Сервисті қосқанда ешкім оларды ала алмайды. Банк карталарының деректерін енгізу қызметке қолма-қол ақшасыз төлемді қамтамасыз ететін эквайер-банктің қорғалған төлем парақшасында жүзеге асырылады.
5.10. Қолма-қол ақшасыз төлеммен төлеу мүмкінлігін растау мақсатында сәйкес қызмет бағасының мөлшеріндегі ақша тапсырысты орналастыру сәтінде Тапсырыс берушінің банк картасында резервтелуі мүмкін. Тапсырыс беруші орналастырған тапсырыс болдырылмаған, сондай ақ Тапсырыс берушіге Қызмет көрсетілмеген басқа жағдайларда картадағы резервтелген ақша Тапсырыс берушіге қайтарылады.
5.11. Тапсырыспен сұранылған Қызмет көлемі, сонымен бірге Серіктес Қызмет көрсетуді бастағаннан кейін де баға қайта есептелінеді. Қызмет бағасы Тапсырыс берушімен нақты көрсетілген Қызметтің көлеміне сәйкес төленеді.
5.12. Тапсырыс беруші мен Серіктес осы офертамен қарастырылмаған Қызметті көрсетуге есептесудің басқа түрлерін, сонымен бірге қолданыстағы бар заңнамаға қарама-қайшы келмейтін Қызметке ақшамен және басқа тәсілдермен төлеу түрлерін келісуге құқылы.
5.13. Серіктес Тапсырыс берушіге қосымша қызмет көрсетуге, соның ішінде, бірақ шектелмей: Серіктеспен Қызметті көрсету мүмкіндігін 3 минуттан ұзақ уақыт күту, ірі габаритті заттарды тасымалдау және ары қарай қосымша қызметтерді көрсету үшін төлем орнатуға құқылы. Алдын ала тапсырыс қалыптастырғанда тегін күту автокөлік нақты келген және ол туралы Тапсырыс берушіге хабарлау сәтінен бастап есептелінеді. Бұл кезде тегін күту уақыты 3 минуттан аспайды және алдын ала тапсырыс жасалған уақыттан бұрын аяқтала алмайды.
5.14. Серіктес Тапсырыс берушіге Серіктестің келгендігі туралы хабарландырылғаннан кейін Тапсырыс берушінің Қызметтен бас тартқандығы үшін айыпақы орнатуға құқылы. Айыпақы мөлшері Тапсырысты жасаған сәттегі Қызметтің минималды бағасының мөлшеріне және Тапсырыс беруші Тапсырысты жасаған кезде көрсеткен орынға дейін Серіктестің орналасқан орнына пропорционал.
5.15. Серіктеспен орнатылған қосымша Қызмет және айыпақы мөлшері туралы Сервис Тапсырыс берушіге хабарлайдыы. Бұл кезде қосымша Қызметтерді көрсетуді есептеу, айыпақыны төлеу Тапсырыс беруші мен Серіктеспен келісілген түрде тікелей Серіктеске жүзеге асырылады.
6. Тараптардың жауапкершіліктері
6.1. Тараптар өз міндеттемелерін орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап береді.
6.2. Сервис осы офертаның 2.1 тармағында көрсетілген қызмет көрсету барысында Сервиске тиесілі емес бағдарламалық жасақтаманың немесе құрал-жабдықтардың жарамсыздыққа ұшырау салдарынан туындаған үзілістер үшін жауап бермейді.
6.3. Сервис Тапсырыс берушіге Сервис техникалық құралдарының жұмыс істеу қабілеттіктерін күтіп ұстау және дамыту қажеттіліктерінің туындауына байланысты құрал-жабдық пен бағдарламалық жабдықталудың ауыстырылуы немесе басқа жұмыстардың жүргізілуімен байланысты осы офертаның 2.1 тармағында көрсетілген қызметтердің толық немесе ішінара үзілуіне жауап бермейді.
6.4. Сервис Серіктестер көрсеткен Қызметтерді пайдалану нәтижесінде Тапсырыс берушіде туындаған тікелей шығындары мен жоғалтқан шығыны үшін жауап бермейді.
6.5. Сервис Серіктестің өз міндеттерін орындамағаны үшін жауапты емес.
7. Қызметтердің жеке түрлеріне тапсырыс беру ерекшеліктері
7.1. Тапсырыс беруші Серіктес орындайтын әрекеттер бойынша Қызметке өтінімді орналастыра отырып, олардың арасында (сенім білдіруші) мен оны орындайтын тұлғаның (тексерілген) тапсырма шарты бойынша міндеттер туындайтындығын қабылдайды және келісімін береді (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 846 б. (Жалпы бөлім)). Тексерілгенмен жасалған мәміле бойынша құқықтар (меншік құқығын қосқанда), міндеттер және жауапкершілік сенім білдірушіде туындайды. Тексерілгеннің құзыреттіліктері жағдайдан шығады және сенімдімен растауды таоап етпейді (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 163 бабы (Жалпы бөлім)).
8. Дауларды шешу тәртібі
8.1. Тараптар осы Офертаның орындалуына байланысты туындаған даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер жүргізу жолымен шешеді.
8.2. Дауларды келіссөздер жүргізу жолымен реттеу мүмкін болмаған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешілуі тиіс.
9. Ерекше жағдайлар
9.1. Офертаның осы редакциядағы шарттарымен келісе отырып, Тапсырыс беруші «Жеке деректер мен оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңының ережелеріне сәйкес оның жеке деректерін өңдеуге, «Жарнама туралы» а № 508-II ҚР Заңымен көзделген сондай келісімнің қажеттігі болған жағдайларда және мақсаттарда, байланыс тораптары Viber, WhatsApp, Telegram және тағы сондайлары арқылы жарнамалық ақпараттарды, сондай-ақ ақпараттық хабарламаларды алып тұруға өзінің келісімін береді.