АртқаҚұқықтық ақпарат

Қызметке қолма-қол ақшасыз төлеу ережелері (жария оферта)


​Қызметке қолма-қол ақшасыз төлеу ережелері
(жария оферта)

    1. Терминдер мен анықтамалар
        1.1. Осы Офертаның шарттарын орындау мақсатында пайдаланылатын анықтамалар:
            1.1.1. «MINI» сервисі (Сервис) – Қазақстан Республикасының заңына сәйкес тіркелген және өз қызметін жүзеге асыратын, мәні https://minitaxi24.com/ мекен-жай бойынша Сервис сайтында орналастырылған жария офертада анықталған қызметтерді көрсету бойынша кәсіпорын әрекетін жүезеге асыратын заңды тұлға.
            1.1.2. Техникалық серіктес - «CloudPayments Kazakhstan» ЖШС (БСН 160240029779, Заңды мекенжайы: 050061, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Алмалы ауданы, Шевченко к-сі, 90-үй, 113-кеңсе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген және өз қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға серіктеске қолма-қол ақшасыз төлемнің техникалық мүмкіндігін қамтамасыз ететін, ҚР заңнамасына сәйкес тіркелген және өз қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға.
            1.1.3. Банктік карта – төлем картасы, картаны шығаруды және/немесе беруді жүзеге асырған эмитенттегі ақша қаражатымен операцияларды жасауға арналған және жеке тұлғамен берілген банк карталарын пайдалана отырып операцияларды жүзеге асыруға шарт жасасқан электрондық төлем құралы.
            1.1.4. Банктік картаны байланыстыру - серіктес кейіннен қолма-қол ақшасыз төлем жасау үшін пайдаланылатын өзінің банк картасының деректемелерін көрсететін рәсім.
            1.1.5. Банк — юридическое лицо, которое в соответствии с законодательством Республики Казахстан правомочно осуществлять банковскую деятельность , осуществляющее перевод денежных средств с карты Заказчика в пользу Партнера.
            1.1.6. Жеке кабинет - көрсетілген қызметтердің көлемі және Серіктестің жеке шотының ағымдағы жағдайы туралы статистикалық ақпаратты қамтитын сервистің ресми интернет-сайтындағы бет.
1.2. Осы Ережелерде пайдаланылатын басқа терминдер жария офертада көрсетілген мәндерде келтіріледі.
    2. Жалпы ережелер
        2.1. Осы Ереже мобильді қосымшаны пайдалану құқығын бергені үшін Серіктестің сервиске лицензиялық сыйақыны қолма-қол ақшасыз төлеу тәртібін анықтайды.
        2.2. Қолма-қол ақшасыз төлем Тапсырыс берушімен Мобильді қосымша немесе Сервистің интернет-сайттары арқылы жүзеге асырылатын банк картасын тіркегеннен кейін жүзеге асырылуы мүмкін.
        2.3. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) (ҚР АК) 395-бабына, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Қазақстан Республикасының Заңына, «Кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы № 191-IV Қазақстан Республикасының Заңына, «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ Заңына сәйкес, бұл құжат жария оферта болып табылады. Банк картасын байланыстыру осы Офертаның акцепті болып табылады, ол онда баяндалған талаптарда шарт жасасуға тең болып саналады және Серіктестің осы Ережелерінің барлық талаптарымен келісетіндігін білдіреді. Жария Оферта ресми https://minitaxi24.ru/, https://minitaxi24.com/.  интернет-сайттарда орналастырылған.
        2.4. Банктік картаны байланыстырмас бұрын, Ережелердің мәтінін мұқият оқып шығыңыз, егер сіз қандай да бір шарттармен келіспесеңіз, қолма-қол ақшасыз төлем функциясын пайдаланудан бас тартуыңыз керек.

    3. Қолма-қол ақшасыз төлем функциясы
        3.1. Техникалық серіктес серіктеске сервис пайдасына лицензиялық сыйақыны қолма-қол ақшасыз төлеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді Техникалық серіктес серіктеске сервис пайдасына лицензиялық сыйақыны қолма-қол ақшасыз төлеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
        3.2. Банк картасын байланыстыру үшін Серіктес келесі деректерді көрсетуі керек:
            3.2.1. Карта нөмірі;
            3.2.2. Картада көрсетілгеніндей  бас латын әріптерімен АТЫ және ТЕГІ;
            3.2.3. картаның қолданылу мерзімі аяқталатын ай мен жыл;
            3.2.4. CVV/CVC құпия коды (картаның артқы жағында орналасқан үш сан).
        3.3. Банк картасын байланыстыру Банк жағында жүзеге асырылады. Серіктес ұсынатын деректердің қауіпсіздігін Банк қамтамасыз етеді.
        3.4. Қолма-қол ақшасыз төлемді жүзеге асыру кезінде техникалық серіктес банкті тарта отырып, электрондық төлемдерді жүзеге асыру үшін ақпараттық және техникалық қолдауды жүзеге асырады.
        3.5. Қолма-қол ақшасыз төлем Visa немесе MasterCard төлем жүйелерінің кредиттік немесе дебеттік карталары арқылы серіктес арқылы банкке сервистің пайдасына ақша қаражатын есептен шығаруға өкім жіберу арқылы жүзеге асырылады.
        3.6. Сәтті сәйкестендіру/аутентификациялау жағдайында Серіктестің өкімін Банк орындауға қабылдайды.
        3.7. Қолма-қол ақшасыз төлем 3-D Secure аутентификациясымен операциялар жасауға Visa Inc. және MasterCard Worldwide төлем жүйелерінде сертификаттаудан өткен Банктің электрондық төлемдер жүйесінде жүзеге асырылады. Ұсынылған деректер төлем карталары индустриясының деректер қауіпсіздігі стандарты (Payment Card Industry Data Security Standard) аясында толығымен қорғалған және оны ешкім, соның ішінде Сервис ала алмайды. Қызмет карта бойынша операция сәтті аяқталған сәттен бастап төленген болып саналады. Қызметке ақы төлеу фактісі Сервис дерекқорында тапсырыс берілген қызмет мәртебесін өзгерту және/немесе серіктес көрсеткен электрондық мекенжайға (телефонға) серіктеске хат (СМС-хабарламалар) жолдау арқылы Сервис растайды.
        3.8. Қолма-қол ақшасыз төлем жасалғаннан кейін ақша қаражаты Серіктестің жеке шотына аударылады. Дербес шоттың теңгерімі туралы деректер, сондай-ақ сервиспен есеп айырысудың жай-күйі туралы өзге де ақпарат серіктестің жеке кабинетінде, сондай-ақ мобильді қосымшада қол жетімді.