АртқаҚұқықтық ақпарат

Сыйақылық бағдарламасының ережелері


​Сыйақылық бағдарламасының ережелері
1. Ережелер «MINI» мобильді бағдарламашығының кез келген пайдаланушысына арналған, «MINI» сервисінің ресми ұсынысы болып табылады және сыйлық беру бағдарламасының барлық шарттарын қамтиды.
2. Осы ережелерде қолданылған терминдер.
2.1. Қатысушы — «MINI» мобильді бағдарламашығын пайдаланушы.
2.2. Жаңа қатысушы — «MINI» қосымшасын бірінші рет орнатқан, бұрын қосымша арқылы (қосымпшаға бекітілген телефон номерінен) тапсырыс жасамаған және «MINI» сервисінен промокодтарды белсендендірмеген пайдаланушы.
2.3. Промокод — қосымшада генерацияланған және сыйақы бағдарламасының қатысушыларына жеке пайдалану үшін немесе сыйақы бағдарламасының қатысушыларының арасында алмасу үшін арналған әріптер мен цифрлар тізбегі. Промокод ұсынылатын сыйақы мен «MINI» сервисінің акцияларында қатысудың жіберушісі мен қатысушысының арасындағы идентификатор болып табылады. Қалыптастырылған елде ғана пайдалануға болады. Промокодты белсендендіру үшін «MINI» қосымшасында оны сәйкес жолаққа енгізу керек.
2.4. Сыйақы теңгесі — егер жарнама материалдарында және/немесеосы ережелерде басқа мөлшер көрсетілмесе 10% дейін жеңілдік ретінде қолжетімді тарифтер бойынша тапсырыстарды төлеуге пайдалануға болатын ҚР теңгесімен есептелінетін шартты бірлік (1 сыйақы теңгесі ҚР 1 теңгеге тең). Сыйақы теңгесі ақшаға алмастыруға жарамайды және осы ережелермен орнатылған шектеулі пайдалану мерзіміне ие.
2.5. Тұлғалық шот — аванс төлемдері мен қолжетімді тарифтер бойынша тапсырысқа өтемі ретінде төлем деректерінен ұсталған (шешілген) ақша сомасы бекітілетін «MINI» сервисімен қалыптастырылған «MINI» қосымшасын пайдаланушысының виртуалды шоты.
3. Сыйақы түрлері.
3.1. «Бірінші жеңілдікті алу». Жаңа қатысушы «MINI» қосымшасына «MINI» сервисінің жарнама материалдарынан алынған промокодты енгізеді. Промокодты сәтті белсендендіргеннен кейін жаңа қатысушының шотына жарнама материалында көрсетілген сома түседі, оны түскен күннен бастап 30 күн ішінде қолжетімді тарифтер бойынша тапсырысты төлеу үшін пайдалануға болады.
3.2. «Жаңа сыйақы». Жаңа қатысушы және/немесе жарнама материалында көрсетілген кезеңде өз телефон номерінен тапсырыс жасамаған және «MINI» сервисінің промокодтарын белсендендірмеген Қатысушы «MINI» қосымшасына егер осындай мүмкіндік жарнама материалдарында көрсетілсе,  «MINI» сервисінің жарнама материалдарынан алынған промокодты енгізеді. Промокодты сәтті белсендендіргеннен кейін Жаңа қатысушының немесе осы тармақта көрсетілген шарттарға сәйкес келетін Қатысушының шотына жарнама материалында көрсетілген сыйақы сомасы түседі, оны түскен күннен бастап 30 күн ішінде қолжетімді тарифтер бойынша тапсырысты төлеу үшін пайдалануға болады.
3.3. «Сыйлау және алу». Қатысушы «MINI» қосымшасында дербес промокодын генерациялайды және кез келген мүмкін тәсілмен оны жаңа қатысушыға береді. Жаңа қатысушы өзінің мобильді құрылғысында промокодты белсендендіргеннен кейін 500 сыйақы теңгесін алады. Қатысушы оның дербес промокодын әрбір сәтті белсендендіргені үшін жаңа қатысушылар 90 тәулік ішінде «MINI» қосымшасы арқылы жасалған қолжетімді тарифтер бойынша кемінде 3 төленген тапсырыс жасаған жағдайда 500 сыйақы теңгесін алады. Сыйақы теңгесі пайдаланушының тұлғалық шотына түседі және түскен күннен бастап 30 күн ішінде қолжетімді тарифтер бойынша тапсырыстарды төлеу үшін пайдаланылуы мүмкін.
3.4. «Акциялық промокод». «MINI» қосымшасының пайдаланушысы «MINI» сервисінің акциясында қатысу үшін промокод алады. Промокодты белсендендіргеннен кейін ол акция қатысушысы болады. сыйақы теңгесі белсендендіру үшін түспейді. Промокодты белсендендіру мерзімі және тәртібін, сондай ақ акцияны өткізу тәртібі және акцияның жүретін мерзімі пайдаланушыға «MINI» қосымшасында хабарланады.
3.6. «Жүлде промокоды». «MINI» қосымшасының пайдаланушысы «MINI» сервисінің акциясына қатысу қорытындысы бойынша промокод алады. Промокодты белсендендіргеннен кейін пайдаланушының тұлғалық шотына сыйақы теңгесі түседі және қолжетімді тарифтер бойынша тапсырыстарды төлеу үшін пайдаланылады. Сыйақы теңгесінің мөлшері мен оларды пайдалану мерзімі акция шарттарымен анықталады.
3.6. «Сыйлық промокоды». «MINI» қосымшасының пайдаланушысы «Сыйлық промокодын жасау» батырмасының көмегімен промокод генерациялайды және оның сыйақы теңгесіндегі номиналын өзі көрсетеді. Сыйақы теңгесіне баламалы ҚР теңгемен ақшасы оның тұлғалық шотынан немесе бекітілген банк картасынан алынады. Пайдаланушы өзінің промокодын кез келген мүмкін тәсілмен пайдаланушыға жібереді, ол промокодты белсендендіре алады. Белсендендіргеннен кейін сыйлық промокодының номиналын құрайтын сыйақы теңгесі алушының тұлғалық шотына түседі.
4. «MINI» сервисі сыйақылық бағдарламаның ережелері, мерзімдері, шарттары туралы осы «MINI» бағдарламашығының ішінде немесе minitaxi24.com сайты арқылы құлақтандырып отырады.